Алматыда 7 жасар бала зорланды деген оқиға: сараптама қорытындысы жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 7 жасар бала зорланды деген оқиға: сараптама қорытындысы жарияланды Freepik

Алматы полициясы Алматыдағы жекеменшік мектепте жеті жасар бала зорланды деген іс бойынша жүргізілген сот-медициналық комиссия мен геномдық ДНҚ сараптамасының қорытындысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін әлеуметтік желіде анасы бірінші сынып оқушысы зорлануы мүмкін екенін айтқан болатын.

"Сот-медициналық комиссия сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша баланың денесінде сыртқы және ішкі жарақаттар табылмады. Қазір қосымша сараптама тағайындалды. Сондай-ақ, геномдық ДНҚ сараптамасы жүргізілді, ол өзге биоматериалдың барын анықтаған жоқ", - деп хабарлады полиция редакция сауалына жауап ретінде.

Сонымен қатар, тергеу бақылау камераларынан алынған бейнематериалдар жан-жақты талдаудан өткізген.

Сондай-ақ, Алматы Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі ("Зорлау") бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

"Алайда, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының, атап айтқанда, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес соталды тергеп-тексеру туралы мәлімет жария етілмейді", - деп толықтырды Алматы полициясы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети