Алматыда 700-ден аса мейрамхана мен дәмханаға айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 700-ден аса мейрамхана мен дәмханаға айыппұл салынды Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Алматыда карантин талабын бұзған 700-ден аса мейрамхана мен дәмханаға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда карантин талабын бұзған 700-ден аса мейрамхана мен дәмханаға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Алматыда мониторингтік топ өкілдері кешкі сағат 22.00-ден кейін арнайы рейд жүргізген. Олар көңіл көтеру орындарының карантин талабын қалай орындап жатқанын тексерген.

"Әуезов көшесіндегі дәмханада қонақтар кешкі сағат 22.00-ден кейін де отырған. Ал дәмханадағы қызметкерлер маска тақпаған.

Сондай-ақ, мониторинг топ өкілдері осы маңда карантин тәртібін бұзған тағы бір дәмхананы анықтаған. Мұнда тепловизор жұмыс істемеген. Алайда мекеме қызметкерлері тәртіп бұзғандарын мойындамаған.

Бостандық ауданындағы мейрамхана карантинге қарамастан жұмыс істеген. Олар мекеменің қақпасын жауып, онда мерекелік шаралар жасаған.

Сонымен қатар, қаладағы дәмхананың тағы бір қожайыны мониторинг топ өкілдерін көріп, олардан жасырынған әрі қарсылық көрсеткен", - делінген телеарнаның сюжетінде.

Енді тәртіп бұзған көңіл көтеру орындарының иелері қомақты айыппұл төлеуге міндетті.

"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша 230 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі үшін олар аудандық басқармаға жіберіледі. Бұл - шағын кәсіпкерлік субъектілері", - дейді қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бөлімінің меңгерушісі Ерлік Дүйсенбаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети