Алматыда 700 миллион теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 700 миллион теңгенің жері мемлекетке қайтарылды Фото:depositphotos.com

Алматыда прокурорлар құны 700 миллион теңге тұратын жерлерді мемлекетке қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда прокурорлар құны 700 миллион теңге тұратын жерлерді мемлекетке қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда Медеу ауданының прокуратурасы қала орталығында жеке тұлғаларға заңсыз берілген жер учаскелерін анықтаған.

"2009 жылы мемлекет мұқтажы үшін Шығыс айналма автожолының құрылысына байланысты нарықтық құны бойынша 1,2 миллиард теңгеге Радлов көшесі бойынша 13 жер учаскесі сатып алынған. "Алматы ӘКК" АҚ 2021 жылы алынған учаскелердің бірі (35 акр) қоғамдық іс-шаралар кешенін салу үшін ЖШС-ге берілген.

​Ауданы 3500 шаршы метр ғимараттың орнына заңды тұлға 22 шаршы метр техникалық үй-жай тұрғызып, 32 миллион теңгеге жерді жеке меншікке заңсыз сатып алған", - делінген хабарламада.

​Бұл ретте, учаскеде кезекті коммерциялық объектіні салу іс жүзінде жоспарланғаны айтылды. Медеу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот мәмілелерді жарамсыз деп таныды (заңды күшіне енген жоқ).

​"Басқа жағдайда, осы ауданда 2020 жылы міндетті аукцион өткізбестен, ең жақсы ұсынысты таңдамай, жергілікті атқарушы орган коммерциялық мақсаттар үшін тағы бір ЖШС-ге учаске (37 акр) берген. Жер осы уақытқа дейін игерілмеген. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жылжымайтын мүлік мемлекетке қайтарылды".

Мүліктердің нарықтық құны 700 миллион теңгеден асады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети