Алматыда 8 компания құрылыс лицензиясынан айырылды: тізім

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 8 компания құрылыс лицензиясынан айырылды: тізім Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда сапасыз құрылыстарға қатысты 1 мыңнан аса заңбұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда сапасыз құрылыстарға қатысты 1 мыңнан аса заңбұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Биыл жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы 1140 заңбұзушылықты анықтап, жол берілген заңбұзушылықтарды жоюға 634 ұйғарым берді. Сапасыз құрылыс пен құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы және 25 техникалық қадағалау сарапшысы аттестатты 6 ай мерзімге тоқтату түріндегі жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.

ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабы 2-бөлігі бойынша 8 компания құрылыс лицензиясынан айырылған:

  • "АРТЕМИДА ЛТД" ЖШС;
  • "ТриА Холдинг" ЖШС;
  • "Ремстрой" ЖШС;
  • "ABM Building" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  • "Debo Stroy" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  • "ЕДІЛ-СТРОЙ СЕРВИС" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  • "Ақ Ордасы корпорациясы" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  • "DP ENGINEERING GROUP" ЖШС (лицензияның кіші түрі).

"Кіші түрлерінен айырылған компанияларға басқарма олардың лицензияларынан толық айыру үшін наразылық енгізгенін атап өткен жөн", - деді әкімдіктегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети