Алматыда 8 наурыз бен Наурыз мерекесін тойлау шарттары аталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 8 наурыз бен Наурыз мерекесін тойлау шарттары аталды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматының санитария дәрігерлері 8 наурыз бен Наурыз мерекесін тойлау шарттарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының санитария дәрігерлері 8 наурыз бен Наурыз мерекесін тойлау шарттарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық бас санитария дәрігердің орынбасары Сәдуақас Байғабұловтың айтуынша, өткен аптадан бері Алматы қаласының кәсіпкерлерінен, түрлі ұйымдардан алдағы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамын қалай тойлайтыны туралы сауалдар келіп түскен.

"Бұған дейін 18 ақпанда еліміздің бас санитария дәрігері кезекті карантиндік ережелер мен шектеулерді белгіледі. Жаңа талаптарға сәйкес конференциялар мен форумдар, сондай-ақ салтанатты кештер мен еске алу кештерін өткізуге болады. 

Корпоративтік кештер, басқа да бұқаралық іс-шаралар тек Ashyq нысандарында өткізілуі керек. Алматы қаласы "қызыл" аймақта болғандықтан келушілер саны 70 пайыздан аспау керек. Алда коронавирустың жаңа жағдайлары азайып, қала "сары" немесе "жасыл" аймаққа ауысса, онда ешқандай шектеулер болмайды", - деп түсіндірді Сәдуақас Байғабұлов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети