Алматыда "Алтын алқа" белгісінің иегері және батыр ана баспанасыз қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 86 жастағы зейнеткердің үйі мен жер телімін көршісі сот арқылы тартып алмақшы.
Алматыда "Алтын алқа" белгісінің иегері және батыр ана баспанасыз қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 86 жастағы зейнеткердің үйі мен жер телімін көршісі сот арқылы тартып алмақшы.
Әженің туыстарының айтуынша, 1998 жылы Алматы әкімінің шешімімен Айгерім-2 ықшамауданындағы жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер "Тамсан" қоғамына берілген, ол өз кезегінде жер учаскелерін 2000 жылы жеңілдігі барларға үлестірген, оның ішінде 12 баласы бар Меделхан Сайдахметова мен ҰОС ардагері Құлжабай Сайдахметов та болған. 2005 жылы Сайдахметовтер отбасы осы учаскеде үй салған. Ал кейін Алатау ауданындағы құрылыстың қызыл желіде тұрғаны және заңдастыруға келмейтіні анықталыпты. "Біз бұл учаскеге өзіміз келіп, тұрып алған жоқпыз. Біздің қолымызда "Тамсан" қоғамының 2000 жылдың 11 мамырында шыққан шешімі жазылған құжат бар, оған қоса әкімнің "Тамсан" қоғамына 1,92 гектар жерді жеке тұрғын үй құрылысына бергені жайлы құжат та бар. Осы 15 жыл бойында ол әйел (шағымданушы - Авт.) келген жоқ, салық төлемеді, мүлкі өзінікі екеніне құқығын көрсетпеді", - деді 87 жастағы Меделхан Сайдахметова.
Сайдахметовтер отбасының жеке архивінен алынған сурет
Ал шағымданушы әйелдің қолында 2004 жылдың ақпанында шыққан мемлекеттік акт бар. Алатау аудандық соты шағымданушының щағымын дұрыс деп танып, жерді Меделхан Сайдахметовадан алу тура шешім шығарған. "Соттың шешімі жайлы маған ешкім айтқан жоқ. 2005 жылдан бастап осында тұрып келдік және бұдан басқа үйіміз жоқ. Біз оның қолындағы құжатты жалған деп есептейміз, бірақ ешкім оны тексермеді", - деді зейнеткердің келіні Жаңыл Нүсіпбекова. Ал Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Қазіргі уақытта 87 жастағы батыр ана Жоғарғы соттың кассациялық алқасына арыз жазды.