17 қаңтар 2022 09:53

Алматыда 9 полицей қаза тапқаны белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Tengrinews.kz

Алматы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов штаб отырысында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза болғандар мен жалпы шығын туралы алдын ала мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов штаб отырысында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза болғандар мен жалпы шығын туралы алдын ала мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таймерденовтің айтуынша, Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 9 полицей қаза тапқан, бесеуі ауруханада жатыр, екеуінің жағдайы ауыр. Барлығы 1 097 полиция қызметкері түрлі дене жарақатын алған.

Сонымен қатар, 5 фронт-офис, 19 модульдік кеңсе және 13 экопост өртенген. Қалада екі экопост қана бүлінбеген. Сондай-ақ, Алмалы полиция бөлімі де қираған.

Реклама
Реклама

"165 көлік зақымданған, оның 64-ін қалпына келтіру мүмкін емес. 7 қару-жарақ қоймасынан 1 347 қару ұрланған. Бүгінде 127-сі тәркіленді, оның 58-і аңшылық дүкендерден ұрланғаны анықталды", - деп қосты Таймерденов.

Бұған дейін Алматы Полиция департаментінің басшысы қаладағы тәртіпсіздік пен теракт салдарынан қаза тапқан әріптестерінің отбасына көңіл айтқан болатын.

Бұған дейін Таймерденов Алматыда 149 адам қаза тапқанын хабарлаған болатын. Төтенше жағдай кезінде 225 адам мәйітханаға жеткізілген. Қаза тапқандар ішінде 19 полицей мен әскери қызметкер бар.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram