Алматыда BMW X6 Hyundai Accent көлігімен соғысып, бағдаршамды қиратты

28 Сәуір, 18:08
0
Алматыда BMW X6 Hyundai Accent көлігімен соғысып, бағдаршамды қиратты -

Алматыда BMW X6 және Hyundai Accent автокөліктері соқтығысты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 28 сәуірде Гагарин мен Қарасай батыр қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, Hyundai жүргізушісі Қарасай батырмен батыс бағытта, ал BMW Гагарин бойымен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан. Екі жүргізуші де бағдаршамның рұқсат етілген түсіне жүргендерін айтады. Дегенмен, олардың бірінің қателігінен қақтығыс болды.

Апат салдарынан кроссовер бағдаршамды қағып кетті, кейін арыққа құлады. Ал жеңіл автокөлік оның жанына келіп аударылды. Оқиға болған жерге жедел медициналық жәрдем бригадасы келді. Дәрігерлер Hyundai жүргізушісінің денсаулығын тексерді, бірақ ол ауруханаға барудан бас тартты.


©"Территория происшествий" бағдарламасы

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай