14 қыркүйек 2018 | 17:52

Алматыда BRT желісі бойынша 18 метр автобустар жүретін жаңа бағыт ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың көлік инфрақұрылымын реконструкциялау қарқынын тексерді және жеке автопарк алған №128 бағыт бойынша қызмет көрсететін жаңа автобустарды көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың көлік инфрақұрылымын реконструкциялау қарқынын тексерді және жеке автопарк алған №128 бағыт бойынша қызмет көрсететін жаңа автобустарды көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде BRT желісі бойынша 28 тұғырнамада 68 бекетті павильондар жасақталуда, тротуарлар мен веложолдар абаттандырылуда, жасыл желек отырғызылуда. Айдың соңына дейін Мұстафин және Сүлейменов көшелеріне жарық беретін 115 торшерді монтаждау аяқталады.

BRT автобус желісінде 17 бағыт бойынша 300-ден астам көлік бірлігі жүретін болады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша жыл аяғына дейін 18 метрлі автобустар жүретін қосымша бағыт ашу жоспарланған.

"Жүргізілген сараптама 12 қыркүйекте BRT желісін іске қосу арқасында жолаушылар ағыны бір күнде 100 ден 142 мың адамға, яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға артатынын көрсетті. "Атакенттен" Қазақ Ұлттық Университетіне автобус 2,5 минутта жетеді екен, ал бұрын 10 минутқа созылатын", - деді басқармадағылар.

Тимирязев көшесінің кейбір қиылыстарындағы бағдаршамдар объектілерінде жаяу жүргіншілер үшін жеке фазалар қарастырылады.ЖКА алдын алу үшін ІІД бірге видеофиксацияның автоматты желісі орнатылатын 10 тораптық нүкте белгіленді.

Жұмыс сапары барысында мегаполис басшысы жеке автопарк алған Yutong маркалы жаңа автобустарды көрді.
Ескі жылжымалы составқа тұрғындар тарапынан көп шағым түсетін, оны ретке келтіру үшін №128 бағыт бойынша енді төмен еденді 12 метрлі 17 көлік бірлігі жолаушыларды тасымалдайды. Бұлардан өзге, қарашада тасымалдаушы №72 бағыттағы жылжымалы составты толық жаңартады.

Жалпы, жыл аяғына дейін жаңа қоғамдық көліктің үлесін 80 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.
Айта кетерлігі, жалпы Алматыда биылғы жылы 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаңарды. 300 шақырым арық салынды және жөнделді, 800 шақырым инженерлік желі тартылды.

Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңарды. Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарының үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети