Есентай өзенінің үстінен өтетін көпірге күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Алматының Абай даңғылы бойынша қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылы 24 сәуірден бастап қозғалыс шектелетіні хабарланады. Батыс және шығыс бағытта да жолдар шектеледі.
"Әр бағытта тек бір жолақта жүруге болады. Жақын көшелермен өтуге бұрынғыдағыдай қала береді", - деді Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылар.