Алматыда Абай облысы тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау басталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Абай облысы тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау басталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасына сілтеме жасап.

Байтұрсынов көшесі, 22 к1, бірінші қабат мекенжайында орналасқан волонтерлердің фронт-офисі гуманитарлық көмекті қабылдау пункті болып белгіленді (байланыс телефондары +7 747 821 64 78; +7 747 540 01 40).

Қабылдау пунктінде заттар мен қажетті өнімдер кез келген көлемде қабылданады. Қазіргі уақытта ең алдымен мыналар қажет:

  • көрпе, далада ұйықтауға арналған қаптар;
  • тыныс алу маскалары;
  • термос, қол шамдары, қуаттағыштар;
  • жаялық, дымқыл майлықтар, жеке және әйелдер гигиенасы құралдары;
  • қажетті өнімдер (консерві, печенье және т.б.);
  • бір рет қолданылатын ыдыс;
  • су және басқалар.

Қабылдау пунктінің жұмыс уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін. Еріктілер штабының жұмысына ірі волонтерлік ұйымдар тартылған – "Қазақстан волонтерлар лигасы" ҚҚ, QAMQOR CHARITY ҚҚ, "Медициналық жастар" ҚБ және т.б.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети