Алматыда адам түрін танитын камераларды орнатуға 8,6 миллиард теңге бөлінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда адам түрін танитын камераларды орнатуға 8,6 миллиард теңге бөлінді © Тұрар Қазанғапов

Алматыда халық көп жүретін аумақтарда адам түрін танитын 1 000 камера орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы қаласын дамыту орталығының" басшысы Жанна Төлегеноваға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда халық көп жүретін аумақтарда адам түрін танитын 1 000 камера орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы қаласын дамыту орталығының" басшысы Жанна Төлегеноваға сілтеме жасап.

Төлегенованың айтуынша, қалалық бюджеттен 8,6 миллиард теңге бөлінді. Бұл жоба "Азаматтар көп жиналатын аумақтардағы видеобақылау жүйесі" деп аталады. Камераға түсірілген суреттерді Алматы қалалық полиция департаменті Жедел басқарма орталығының өкілдері көріп отырады. Камералар таяуда орнатыла бастайды екен.

"Қазақстандық, беларусь және жапон технологиялары арқылы адамдарды тани алатын бағдарламалық жасақтаманы енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, осы бағдарламалық жасақтамаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр", - дейді Төлегенова.

"Алматы қаласын дамыту орталығы" басшысының айтуынша, осы камералар мен ондағы бағдарламаның көмегімен қандай да бір қылмысқа қатысы бар немесе іздеуде жүргендерді танып, олардың қайда екенін анықтауға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети