14 мамыр 2020 | 16:00

Алматыда адамдарды блокбекеттен заңсыз өткізген шенеуніктер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Төтенше жағдай кезінде адамдарды блокбекеттен өткізген Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдай кезінде адамдарды блокбекеттен өткізген Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, сот оларға өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға тыйым салған.

"2020 жылғы 14 мамырда Алматы қаласының Жетісу ауданының № 2 аудандық соты Жетісу ауданы әкімі аппаратының бас мамандары К.Е. Әденов пен С.С. Оразовқа қатысты айыптау үкімін шығарды.
К.Е. Әденов пен С.С. Оразов бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оларға тиісінше 4 077 500 теңге және 13 300 000 теңге айыппұл салынды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сонымен қатар, осы үкіммен азамат В.И. Уджур пара алу кезінде делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 430 000 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Бұған дейін хабарланғандай, аталған лауазымды тұлғалар төтенше жағдайда және COVID-19 коронавирус инфекциясының еліміздің басқа аймақтарында таралуын болдырмау мақсатында Алматы қаласының аумағына кіруге және шығуға тыйым салу туралы карантиндік режимде Жетісу ауданындағы блокбекетте кезекшілік атқару барысында блокбекеттен кедергісіз өту үшін Алматы қаласының тұрғындарынан делдал арқылы бірнеше рет пара алған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети