10 қыркүйек 2021 | 09:19

Алматыда әкесінен зорлық көрген қыз отбасымен лашықта тұруға мәжбүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматыда 12 жастағы қызды туған әкесі зорлаған. Әкесі түрмеге қамалғаннан кейін зәбір көрген қыз бен оның жақындары қиын жағдайға тап болған. Оның отбасынан барлық туысы теріс айналып кеткен, ал анасы бұрынғы күйеуінің несиелерін өз мойнына алуға тура келген, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 12 жастағы қызды туған әкесі зорлаған. Әкесі түрмеге қамалғаннан кейін зәбір көрген қыз бен оның жақындары қиын жағдайға тап болған. Оның отбасынан барлық туысы теріс айналып кеткен, ал анасы бұрынғы күйеуінің несиелерін өз мойнына алуға тура келген, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, күдікті 15 жылға қамалған. Осылайша олардың өмірінің астан-кестені шыққан. Туыстары оларды пәтерден шығарып жіберген. Одан бөлек, зорлық көрген қыздың психикасын жөндеп, тағы екі баланы асырау керек болған. 
 
"Күйеуім достарымен несие алғн. Бір іспен айналысуды жоспарлаған. Сосын күйеуім нашақор екені анықталды. Соңғы кездері іше бастады. Осы лашықта қаламыз ба деп қорқамын. Қыста пеш жағып, жұмысқа кетемін. Балаларды уайымдап отырамын. Оның үстіне үй иесі жер учаскесін сатуға қойған, егер сатылып кетсе бұл жерден де кетуге мәжбүр боламыз", - дейді әйел адам. 

Лашықта тек жарық бар. Суды көрші үйден екі күнде бір алып, қазан мен бөтелкелерді толтырып алады. 

"Ол пәтер керек деп ашық сұрай алмайды. Біз азық-түлігін алып, қандай да бәр қажет заттарды алып береміз. Бірақ мына жерде өмір сүру мүмкін емес. Суық, су жоқ, ештеңе жоқ. Біз бұл отбасына көмектесе алатын меценаттарды іздеп жүрміз", - дейді Svet қоғамдық қорының директоры Кирилл Вшивков. 

Наурызбай ауданының әкімдігі меценат тауып беруге уәде етті.

"Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актін жасаймыз. Яғни олар қандай жағдайда өмір сүріп жатқаны туралы. Барлық деректі жазып алып, ерекше бақылауға аламыз. Болашақта демеушілердің қолдауымен материалдық, гуманитарлық көмек көрсететін боламыз", - деді Алматы Наурызбай ауданы әкімдігінің Әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Еркін Сыдықов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети