10 маусым 2024 | 15:52

Алматыда ақылы автотұрақтарға абонемент енгізіледі: оны кімдер қолдана алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қалалық мобилділік басқармасы ақылы автотұраққа абонемент енгізуді қарастырып отыр. Бұл ретсіз тұраққа қарсы күрес және көлік жүйесін жақсартуға бағытталған қадам екені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қалалық мобилділік басқармасы ақылы автотұраққа абонемент енгізуді қарастырып отыр. Бұл ретсіз тұраққа қарсы күрес және көлік жүйесін жақсартуға бағытталған қадам екені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Автотұрақ кеңістігін дамыту жоспары бүкіл қала үшін бірыңғай тұрақ типологиясын және ашық тарифтік жүйені қамтиды.

"Автотұрақ аймағына жақын орналасқан үйлердің тұрғыны сағаттық төлемнен босатылып, аймақ ішінде (үй маңындағы бірнеше блок) тұрақ билетін сатып ала алады.

Жекелеген жеңілдіктер ҰОС ардагерлеріне, мүгедектерге, көпбалалы аналар және басқа да санаттар үшін қарастырылады. Олар көлігін тұраққа тегін қоя алады. Мотоцикл мен электромобиль иелері 50 пайыз жеңілдік беріледі. 3, 6 немесе 12 айға арналған абонемент биыл тамыз-қыркүйекте енгізілуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Ақылы автотұрақ пен айыппұлдан түсетін түсімдер көлік жүйесін дамытуға және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға бағытталатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети