15 наурыз 2016 09:53

Алматыда әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан ғимараттың соңғы екі қабаты бұзыла бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Прокопенко © Владимир Прокопенко

Әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан ғимараттың жоғарғы екі қабаты бұзыла бастады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан ғимараттың жоғарғы екі қабаты бұзыла бастады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Құрылыс компаниясының бас инженері Константин Елизаровтың айтуынша, жұмыс әкімдіктің жазбаша бұйрығынан кейін басталжы. Құрылысшыларға бұл жұмыстарды аяқтауға бір ай беріліпті. "Бұзу жұмыстары басталып кетті. Біздің ғимараттың биіктігі 18 метр болатын. Жаңа регламентке сәйкес енді оны 12 метрге дейін қысқартамыз. Қазір 12 метрден жоғары қаланып кеткен материалдарды бұзуды бастадық. Бізге барлық жұмыстарды аяқтауға бір ай уақыт берді. Ол аздық етеді. Бірақ барынша тезірек бітіруге тырысамыз", - деді ол.

Айта кетейік, 25 ақпанда қала басшысы әл-Фараби даңғылының оңтүстігінде салынып жатқан ғимараттың соңғы екі қабатын бұзуды тапсырған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети