Алматыда жерүсті өтпе жолдары жөндеуден өтіп жатыр, оның қатарына бұзақылар зақымдаған әйнекті ауыстыру да кіреді. Қала тұрғындары әл-Фараби даңғылындағы көпір сынығына балалар құлап кетуі мүмкін деп алаңдайды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда жерүсті өтпе жолдары жөндеуден өтіп жатыр, оның қатарына бұзақылар зақымдаған әйнекті ауыстыру да кіреді. Қала тұрғындары әл-Фараби даңғылындағы көпір сынығына балалар құлап кетуі мүмкін деп алаңдайды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде әл-Фараби даңғылы бойындағы Тұңғыш Президент саябағына қарама-қарсы орналасқан жерүсті өтпе жолы туралы айтылған видео пайда болды.
"Сұмдық, жарайды, балам бесік арбада отырған, ал ол жүгіріп, мен оны ұстай алмай қалсам не болар еді? Қаншама адам балаларымен күн сайын ол жақтан өтеді. Өтпе жолына көмексіз бесік арбамен шығу қиын болып, онда осындай тесік пайда болды", - деп жазылған видео сипаттамасында.
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігіндегілер істеліп жатқан жұмыстар жайлы айтып берді.
"Қазіргі кезде біз әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесіндегі барлық жеті жерүсті өтпе жолында жөндеу жүргізіп жатырмыз. Жоспардағы жұмыстардың қатарында өтпедегі әйнектерді ауыстыру да бар", - деді Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігінің көріктендіру бөлімінің басшысы Ринат Сейдроманов.
Тұңғыш президент саябағына қарама-қарсы орналасқан көпір бұрындары да тұрғындарды алаңдататын. Ол 2013 жылы пайдалануға берілген. Жүрген кезде тербеледі деп те шағым түскен. Халыққа ыңғайлы өтпе жолын қамтамасыз ету үшін және келіп түскен көптеген хаттан кейін бас мердігерлік ұйымы өз қаражатына тербелісті азайту үшін жұмыстар атқаруды ұйғарды. Нәтижесінде екі тіреуіш пен кергі орнату шешілді.
Сонымен қатар, вандализмнің алдын алу үшін Алматыда жерүсті өтпе жолын пластик немесе темір қоршаумен жабдықтау ұсынылған. "Көне заманға оралуға тура келеді, әйнек құлап қалмау үшін орнына тор қою керек. Ол құласа, вандалдардың ар-намысы білсін. Ақылға келсек, камера орнату керек, күзету үшін Алматыдағы әр көпірге бір полицей қоймайтын шығармыз", - дейді қоғам белсендісі Арсен Шакуов.
Алматыда 12 жерасты және 7 жерүсті өтпе жолын жөндеуден өткізу жоспарланған. Жұмыстар вандализм мен жол оқиғаларына қарамастан жүріп жатыр. Айта кетейік, 17 тамызда Алматыдағы әл-Фараби даңғылында автомобиль кранға соғылған. Ақ түсті Volkswagen жүргізушісі Ходжанов (бұрынғы Водозаборная) көшесінен батысқа қарай әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатып жолда тұрған кранды байқамай қалған. Бұл уақытта жұмысшылар жаяу жүргіншілер өтпесін жөндеп жатқан. Жеңіл көліктің жүргізушісі кранның тура алдына соғылған. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шекпеді.