Алматыда әлі өмірге келмеген балаға операция жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда әлі өмірге келмеген балаға операция жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, құрсақішілік үш ота жасалған. Алматыдағы балалар кардиохирургиясы және перинатология орталығында құрсақтағы ұрыққа ота сәтті жүргізілді, бұл туа бітті болатын патологияны түзетуге септік етіп, сәбидің дүниеге дені сау болып келу мүмкіндігін арттырады.
Орталық дәрігерлері Минск республикалық ғылыми-тәжірибелік «Ана мен бала» орталығы феталды медицина бөлімшесінің меңгерушісімен бірге Алматы қаласы, Алматы және Ақмола облыстарынан келген үш жүкті әйелге ота жасады.
Отаны жасау аясында мына жұмыстар атқарылған:
- Фето-фетальды трансфузия синдромынан (ФФТС) асқынатын көпұрықты жүктілік кезіндегі баланың жолдасы анастомозының лазерлі коагуляциясы. Бұл әдіс ұрықтар арасындағы тамырлардың патологиялық бірігуін жоюға септік етіп, соның арқасында қатты асқынудың алдын алады және егіздердің екеуінің де өмірін сақтайды.
- Шарана сұйықтығы патологиясы болған жағдайдағы амниоредукция және амниоинфузия. Бұл процедуралар ұрықтың дамуына қолайлы жағдай туғыза және асқыну қаупін азайта отырып шарана сұйықтығы мөлшерін реттеуге көмектеседі.
- Ұрықтың бүйрек патологиясы болғанда қуықты дренаждау. Бұл ота ұрықтың несеп айдау жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және оның дұрыс даму мүмкіндігін жақсарта отырып бүйрек жетіспеушілігі асқынуының алдын алады.
ДСМ мәліметінше, барлық ота сәтті жасалған, науқастардың жағдайы дәл қазіргі сәтте тұрақты. Олардың жүктілік кезіндегі денсаулығын мамандар бақылап, ұрықтың одан әрі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!