Алматының Алатау аудандық ХҚКО-ға қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицейлерді тартуға тура келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қаласы бойынша ХҚКО-ның Департамент директоры Данияр Ахметовтың айтуынша, бұл шара келушілердің қауіпсіздігі үшін жасалған.

Айта кетейік, Алатау аудандық ХҚКО ғимаратының алдына уақытша тіркелу үшін келгендердің қарасы көп. Олардың көп болғаны соншалық, адамдар халыққа қызмет көрсету орталығының территориясына сыймай жатыр.
"Полиция қызметкерлерін біз таңғы уақытта шақырдық. Кеше адам саны бүгінге қарағанда аз болды. Алатау ауданында адамдар негізінен базарларда жұмыс істейді. Бүгін дүйсенбі, базарлар жабық, біз адамдардың көп болатынын білгенбіз. Сол себепті Алматы әкімдігінен, аудан әкімдігінен және жергілікті полиция қызметінен қауіпсіздік шарасын күшейту үшін полицейлермен қамтамасыз етуді сұрадық. Бұл шара қарапайым келушілер үшін жасалды, бірін-бірі басып кетпесі үшін жасалып отырған шара", - деді Ахметов.
Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап берген Ахметовтың айтуынша, уақытша тіркелуге келушілердің саны үш есе өскен. "Жалпы уақытша тіркелуге шамамен 15-20 минут уақыт кетеді. Адамдардың көптігіне байланысты қиындықтар туындап жатыр, сол себепті нақты қанша уақыт кететінін айта алмаймын", - деді ол.