Алматыда алдағы мерекелерге орай қандай қаржылай көмек беріледі?

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда алдағы мерекелерге орай қандай қаржылай көмек беріледі? Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматылықтарға қандай мерекеде қаржылай көмек берілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтарға қандай мерекеде қаржылай көмек берілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Арна мәліметінше, қаланың кей тұрғынына Жеңіс күні мен Тәуелсіздік күнінде қаржылай көмек беріледі. Соның ішінде 9 мамыр - Жеңіс күніне орай көмек көрсетілетін тұрғындар:

  • Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне (олардың мәртебесі "Ардагерлер туралы" заңда белгіленеді) - 500 мың теңге;
  • ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге - 100 мың теңге;
  • Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің жесірлеріне беріледі. Бұл жағдайда қайтадан отбасы құрмаған әйелдер жесір деп саналады. Оларға 100 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді;
  • Ауғанстанда немесе басқа мемлекеттерде соғысқа қатысқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен жесірлеріне 100 мың теңге.

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаcына қатысып, кейін ақталғандарға төлем жасалады. Оларға 150 мың теңге көлемінде көмек беріледі.

Сондай-ақ, мынадай мерекелер қарсаңында 1 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек қарастырылған:

  • Жаңа жыл - 1-2 қаңтар;
  • 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
  • Наурыз мейрамы - 21-23 наурыз;
  • 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
  • Астана күні - 6 шілде;
  • Конституция күні - 30 тамыз;
  • Қазақстанның Тұңғыш президенті күні - 1 желтоқсан.

Бұл көмек тұрғын үйге мұқтаж көпбалалы отбасыларға ғана көрсетілетіні айтылды. Бөлінетін сома тұрғын үй сатып алуға арналған. Сондықтан "Отбасы банкінің" шотына аударады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети