Алматыда бірқатар жол қозғалысы ережелерін бұзып, камераға түсіп қалған Toyota Camry көлігінің жүргізушісі анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-да мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы полициясы жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін тіркеген видеоға қатысты түсініктеме берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Құқық бұзушы 21 жастағы азамат болып шықты. Ол жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 595-баптың 1-бөлігі, 602-баптың 1-1 бөлігі, 606-баптың 1-бөлігі және 620-баптың 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Оған қатысты сегіз электрондық хаттама толтырылды",- деді Алматы қалалық ІІД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!