Толассыз жауған жауынның салдарынан Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған "Алғабас-6" ықшамауданындағы Момышұлы-Ақын сара көшесінде орналасқан бес қабатты үй су астында қалды. №1/19 үйінің тұрғындар су астында қалған пәтерлерінің суреттері мен видеоларын Tengrinews.kz тілшісіне жолдады.
Толассыз жауған жауынның салдарынан Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған "Алғабас-6" ықшамауданындағы Момышұлы-Ақын сара көшесінде орналасқан бес қабатты үй су астында қалды. №1/19 үйінің тұрғындар су астында қалған пәтерлерінің суреттері мен видеоларын Tengrinews.kz тілшісіне жолдады.
Видео авторы: Индира Тоқтар
Видеодан баспалдаққа жоғарғы қабаттардан судың құйылып жатқаны көрінеді. Сонымен қатар, толассыз жауған жаңбыр да пәтерлерді су астында қалдырды. Тұрғындардың айтуынша, су бірінші қабатқа дейін жеткен.
Индира Тоқтар есімді тұрғынның айтуынша, үйдің жаңбырдың салдарынан су астында қалуы бірінші рет емес. Олар бұл үйге 2012 жылы көшіп келген. "Біз шығып қарасақ, кіреберіс жақта су құйылып жатыр. Жоғарғы қабаттағы пәтерлер де зардап шекті. Тіпті бірінші қабатқа дейін су басты", - деді Индира Тоқтар.
"Біз жақында мамыр айында тұрғын үйдің кіреберісіне жөндеу жұмыстарын жасаған болатынбыз. Пәтерлерден ақша жинап щықтық. Енді жөнделген үйге мүлдем ұқсамайды. Күнде осындай жағдай. Тұрғын-үй құрылыс коопертивіндегілер ешнәрсе істей алмайтынын айтып, әкімдікке жіберді. Осы үйге көшкелі бері осылай жалғасып жатыр", - деді тұрғын. Айта кетейік, тұрғын үйде барлығы 30 пәтер бар екен.
Сонымен қатар, Алатау ауданының әкімдігіндегілер бұл жағдайды бақылып отырғанын айтты.
Видео авторы: Индира Тоқтар
"Біз мердігерлерден барлық кемшілікті жоюын сұраймыз. Мердігерлер жұмысын бастады. Әрқайсысына осы кемшіліктерді жоюға бір ай уақыт мерзім бердік. Онда тек бес компанияның қызметкерлері жұмыс істеді. Біз бұл мәселені қарап жатырмыз", - деді Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Бағдат Манзоров.
Тұрғындар жолдаған сурет
Еске сала кетейік, маусым айының басында "Алғабас-6" ықшамауданында барлық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Тұрғындардың айтуынша, толассыз жауған жаңбырдың салдарынан үй су астында қалады. т Тұрғындар бұл үйге мемлекеттік бағдарлама бойынша 2015 жылдың қазан айында көшіп келген. Кейінірек комиссия бұл үйді көшіріп, тұрғындарды басқа үймен қамтамасыз ететіні туралы шешім қабылдаған болатын.
Айта кетейік, Алматы әкімдігіндегілер "Алғабас" ықшамауданында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған көпқабатты үйлердің осы жағдайдан кейін тексерілетінін айтты.