Алматыда "Алғабас" ықшамауданындағы бес қабатты үй су астында қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан кадр © Facebook Ирина Советжанқызы Видеодан кадр © Facebook Ирина Советжанқызы

Толассыз жауған жауынның салдарынан Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған "Алғабас-6" ықшамауданындағы Момышұлы-Ақын сара көшесінде орналасқан бес қабатты үй су астында қалды. №1/19 үйінің тұрғындар су астында қалған пәтерлерінің суреттері мен видеоларын Tengrinews.kz тілшісіне жолдады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Толассыз жауған жауынның салдарынан Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған "Алғабас-6" ықшамауданындағы Момышұлы-Ақын сара көшесінде орналасқан бес қабатты үй су астында қалды. №1/19 үйінің тұрғындар су астында қалған пәтерлерінің суреттері мен видеоларын Tengrinews.kz тілшісіне жолдады.


Видео авторы: Индира Тоқтар

Видеодан баспалдаққа жоғарғы қабаттардан судың құйылып жатқаны көрінеді. Сонымен қатар, толассыз жауған жаңбыр да пәтерлерді су астында қалдырды. Тұрғындардың айтуынша, су бірінші қабатқа дейін жеткен. 

Индира Тоқтар есімді тұрғынның айтуынша, үйдің жаңбырдың салдарынан су астында қалуы бірінші рет емес. Олар бұл үйге 2012 жылы көшіп келген. "Біз шығып қарасақ, кіреберіс жақта су құйылып жатыр. Жоғарғы қабаттағы пәтерлер де зардап шекті. Тіпті бірінші қабатқа дейін су басты", - деді Индира Тоқтар.
"Біз жақында мамыр айында тұрғын үйдің кіреберісіне жөндеу жұмыстарын жасаған болатынбыз. Пәтерлерден ақша жинап щықтық. Енді жөнделген үйге мүлдем ұқсамайды. Күнде осындай жағдай. Тұрғын-үй құрылыс коопертивіндегілер ешнәрсе істей алмайтынын айтып, әкімдікке жіберді. Осы үйге көшкелі бері осылай жалғасып жатыр", - деді тұрғын. Айта кетейік, тұрғын үйде барлығы 30 пәтер бар екен.

Сонымен қатар, Алатау ауданының әкімдігіндегілер бұл жағдайды бақылып отырғанын айтты.


Видео авторы: Индира Тоқтар

"Біз мердігерлерден барлық кемшілікті жоюын сұраймыз. Мердігерлер жұмысын бастады. Әрқайсысына осы кемшіліктерді жоюға бір ай уақыт мерзім бердік. Онда тек бес компанияның қызметкерлері жұмыс істеді. Біз бұл мәселені қарап жатырмыз", - деді Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Бағдат Манзоров.


Тұрғындар жолдаған сурет

Еске сала кетейік, маусым айының басында "Алғабас-6" ықшамауданында барлық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Тұрғындардың айтуынша, толассыз жауған жаңбырдың салдарынан үй су астында қалады. т Тұрғындар бұл үйге мемлекеттік бағдарлама бойынша 2015 жылдың қазан айында көшіп келген. Кейінірек комиссия бұл үйді көшіріп, тұрғындарды басқа үймен қамтамасыз ететіні туралы шешім қабылдаған болатын.

Айта кетейік, Алматы әкімдігіндегілер "Алғабас" ықшамауданында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған көпқабатты үйлердің осы жағдайдан кейін тексерілетінін айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer