Алматыда алғашқы қар жауды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда алғашқы қар жауды Фото: ©Шокан Алхабаев

Алматы қаласында 6 қазанда сағат 02.10-нан бастап қар аралас жаңбыр жауа бастады.  Таңертеңгі сағат 06:00-де таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 3 сантиметр қар жауды, қалада топырақтың жылы болуынан қар еріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасына сілтеме жасап.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында таулы және тау бөктеріндегі жерлерде орналасқан жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілді, сондай-ақ биік тау жолдарынан (Шымбұлақ) қар сыпырылды.

285 бірлік арнайы техниканың, оның ішінде 97 құм шашқыш және 164 жол жұмысшысының түнгі кезекшілігі ұйымдастырылды.

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, бүгін Алматыда күн бұлтты, күндіз ауа температурасы минус 1 градус болады. Түнде минус 3 градусқа дейін төмендейді.

Алматы ТЖД машиналарды ағаштар мен электр жеткізу желілерінің астына қоймауды ұсынады. Мұндай ескертуді құтқарушылар синоптиктердің 5 қазандағы қар жаууы мүмкін деген болжамына байланысты жіберді.

Қала тұрғындары қыстың ерте келгеніне таң қалды. Әлеуметтік желілерде Алматыда алғашқы қар әдетте қараша айының басында жауатыны туралы түрлі пікірлер жазылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети