Алматыда апат салдарынан Назарбаев даңғылындағы үйлер сусыз қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда апат салдарынан  Назарбаев даңғылындағы үйлер сусыз қалды

Алматыда апат салдарынан Назарбаев даңғылындағы үйлер сусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда апат салдарынан Назарбаев даңғылындағы үйлер сусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы су" МКК мәліметінше, Назарбаев даңғылы бойымен өтетін құбырдағы апатты қалпына келтіру жұмыстарына 8 бірлік техника мен екі бригада жұмылдырылды.

"Осыған байланысты Назарбаев даңғылының бойында Сәтбаев көшесінен Гоголь көшесіне дейін орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға су беру тоқтатылды", - деп хабарлады "Алматы су" МКК баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа құбырдың тозуы себеп болған. Ол осыдан 50 жыл бұрын пайдалануға берілген.

"Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласы бойынша сумен жабдықтау желілерінің 54,2 пайызы тозған. Инженерлік желілерді қайта жаңғыртуды жеделдету мақсатында сумен жабдықтау және су бұру саласында жаңа тарифтік саясатты енгізу жоспарлануда", - деп атап өтті "Алматы су" компаниясынан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети