"ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғыс балалары кеңесі" қоғамдық қоры Алматыда ардагер әйелдер мен тылда еңбек еткендерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғыс балалары кеңесі" қоғамдық қоры Алматыда ардагер әйелдер мен тылда еңбек еткендерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нәзік жандыларға арналған мереке қаладағы мейрамханалардың бірінде өтті. 8 Наурызға арналған салатанатты асқа соғысты өз көзімен көріп, сарбаздардың тірі қалуына көмектескен әйелдер келді. Ол әйелдердің көпшілігі егістік пен емханаларда жұмыс істеген.
"Мен колхозда жұмыс істеп, еңбектеніп, бидайды сеуіп, жинаған әйелдерімізді құттықтағым келеді. Майданға жәрдем берген барлық пойыздарды да әйелдер басқарды. Мұндайда өзге елдердің тарихынан таппайсыз. Біздің әйелдер соғыста еңбек етті, қару-жарақ жеткізіп отырды. Әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен тағы да құттықтаймын, сонымен қатар, жастарды көктем, гүл, Күн және махаббат мерекесімен құттықтаймын", - деді қоғамдық қор аясындағы қамқорлық кеңесінің төрағасы Александр Колесников.
Айта кетейік, оның әйелі де соғысты көрген. Ол 14 жасында өзі секілді қыздармен бірге қолданылған бинттерді жуысқан, себебі ол кезде бинт табылмайтын еді, ал жарақаттанғандарды сағат сайын тасымалдаған. Жуылған бинттерді кептіріп, ауыр үтікпен үткітеген - мұндай процедурадан кейін олар тағы қайыра қолдануға жарамды болған. Тағы бір әйел, майдан еңбеккері Мамиля Жақсылықова тауда қалай тас жинағанын, оның ішінде алтын тауып алып, зауытқа өткізгенін айтып берді.
Қордың өкілдері тағдыр тәлкегіне түскен әйелдерді де ұмытпайды. Олар жастайынан жұмысқа араласқан, соғыста ата-аналары мен туыстарынан айырылған. Қор басшысы Райхан Жапарханованың айтуынша, әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтау дәстүрге айналған. "Бүгін біз оларды мерекелік түскі асқа шақырдық. Оларға сыйлықтар мен гүлдерді дайындадық. Олар қуанады, бала секілді қабылдайды. Олар үшін, ең бастысы аударған назарымыз бен көрсетіп жатқан қамқорлығымыз. Ұмытпайтынымызды әрі іс-шараға шақыратынымызды олар біледі. Олардың ең жасы - 89-да. Әрине, көбі жүруге қиналады, оларды 8 Наурыз мерекесімен үйлеріне барып құттықтаймыз", - деді ол. Жапарханованың айтуынша, Алматыда 900 ардагер қалған. Олардың төрттен бір бөлігі ғана - әйелдер.