Алматыда ардагер Мэлс Шампиев қайтыс болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Мэлс Шампиевтің туыстары ұсынған сурет Мэлс Шампиевтің туыстары ұсынған сурет

Қарулы Күштер ардагерлері одағының төрағасы Мэлс Шампиев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарулы Күштер ардагерлері одағының төрағасы Мэлс Шампиев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты "Қарулы Күштердің ардагерлері" қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы өкілдері растады. Бүгін 77 жасында "Қарулы Күштер ардагерлері" одағының төрағасы Шампиев Мэлс Жұманұлы қайтыс болды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, полковник Шампиев Мэлс Жұманұлы Тәуелсіз Қазақстан армиясын құрудың бастауында тұрғандардың бірі болды. Атап айтқанда, ол Қарулы Күштерде әлеуметтік-құқықтық жұмыс институтын құруға үлес қосты.

Мэлс Шампиев 1947 жылы 22 наурызда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1968 жылы Ташкент жоғары танк командалық училищесін, ал 1985 жылы Саратов жоғары партия мектебін бітірді.

Ол қызметті танк взводының командирі ретінде бастады, ал 1971 жылдан бастап қызметін саяси бағытта жалғастырды.

Қазақстан армиясында 1991 жылғы желтоқсаннан 1992 жылғы шілдеге дейін әскери қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғау бөлімін басқарды.

1992 жылдан 1997 жылға дейін тәрбие құрылымдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс департаментін басқарды. 1997 жылы желтоқсанда запасқа шығарылды.

Мэлс Жұманұлы қоғамдық өмірге белсенді қатысты. 2012 жылдан бастап Республикалық қоғамдық бірлестіктің Алматы филиалының төрағасы болды.

Мэлс Жұманұлымен қоштасу 13 қаңтарда сағат 10:00-де Армия үйінде өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro