Алматыда арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Әлеуметтік желілерде Арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлеріне жасалған шабуылдың видеосы тарады. Алматы Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлеріне жасалған шабуылдың видеосы тарады. Алматы Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Порталдың мәліметінше, ер адамдар мен арнайы жасақ қызметкерлері арасындағы жанжал 22 ақпанда таңғы сағат 5 шамасында Алматыдағы Назарбаев даңғылында болған.

Төбелес сәті видеоға түсіп қалған.

"Оқырманның айтуынша, қызметкерлерге ер адамдардың орынсыз әрекеті туралы шақыру түскен. Оның айтуынша, шабуылдаушылар құқық қорғау органдарында байланыстары бар екенін мәлімдеген. Сондай-ақ, куәгердің ойынша, олардың Toyota Land Cruiser 300 маркалы көліктері қаржылық жағдайы мен ықпалы болуы мүмкін екенін көрсетеді", – делінген хабарламада.

Алматы Полиция департаменті тәртіп бұзушылардың ұсталғанын және қоғамдық орынға мас күйде жүру, ұсақ бұзақылық жасау, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау баптары бойынша жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

"Шешім қабылдау үшін іс материалдары сотқа жіберіледі", – деп мәлімдеді ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети