Алматыда арнайы операция барысында қылмыстық топтан кокаин тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда арнайы операция барысында қылмыстық топтан кокаин тәркіленді Сурет: polisia.kz

Алматыда полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, қылмыстық топтан кокаин тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, қылмыстық топтан кокаин тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қалалық прокуратураның үйлестіруімен ұзақ уақыт кокаин сатқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Жедел іс-шаралар барысында күдіктілердің қылмысы анықталып, олардың ауыр қылмыстарға қатысы барына айғақтар табылған. Топ мүшелерін тінту кезінде кокаин теркіленген.

Полицияға барлығы 5 адам жеткізелген, оның екеуі қылмыстық топтың негізгі ұйымдастырушысы және белсенді қатысушысы. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу басталды.

"Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети