Алматыда арыстанның күшігі 3,5 миллион теңгеге сатылымға шығарылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда арыстанның күшігі 3,5 миллион теңгеге сатылымға шығарылды Видеодан алынған кадр

Алматыда белгісіз біреулер арыстанның күшігін 3,5 миллион теңгеге сатылымға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда белгісіз біреулер арыстанның күшігін 3,5 миллион теңгеге сатылымға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан тұрғыны әлеуметтік желіде жануардың сатылып жатқаны туралы жазды. Оның айтуынша, көршілердің WhatsApp чатындағылардың бірі арыстанның күшігі сатылатындығы туралы хабарландыру жіберген. Жазба авторы сатушылардың мұндай әрекетіне ашуланып, жануарларды қорғаушыларды жағдайды түсіндіруге шақырды. Ол Қазақстанда арыстанның күшігін сату қаншалықты заңды екенін білгісі келеді.

Tengrinews.kz редакциясы хабарландыруда көрсетілген нөмірлерге хабарласты. Қоңырауға жауап берген азамат өзін арыстан күшігін сатушылардың жақын танысымын деп таныстырды. Жануардың екі айлық екенін, Алматыда екенін, сатуға барлық рұқсат құжаттары бар екенін айтты. Қожайындары күшікті нақты аламын деушілерге 2,5 миллион теңгеге беруге дайын.

Алматы хайуанаттар бағы Tengrinews.kz сайтына Қазақстанда арыстанның күшігін сатуға болады деп жауап берді. Бұл үшін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясынан Қазақстанның "Қызыл кітабына" кіретін жануарларды ұстауға рұқсат алу қажет. Сондай-ақ, сатушымен бірге СИТЕС қосымшасы (халықаралық келісім, яғни жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенция) болуы керек.

"Сатушыда халықаралық СИТЕС қосымшасы, сондай-ақ ветеринариялық сертификат болуы қажет. Егер бұл құжаттар болмаса, онда арыстан ұстаушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қандай жаза болатынын сот шешеді", - деді хайуанаттар бағының өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети