Алматыда арыз-шағым қабылдайтын жаңа жүйе іске қосылды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Алматыда арыз-шағым қабылдайтын жаңа жүйе іске қосылды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, Алматыдағы "109" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне енді әлеуметтік желілер мен сайт арқылы да өтініш жолдауға болады. Айта кетейік, былтыр қала әкімдігі халықпен етене жұмыс істеу үшін арнайы кезекшілік қызмет ашқан еді.
Әкімдік еңгізген жаңа жоба қаланың коммуналдық қызметін бақылау мақсатында ашылған. "Су, жылу, жарық, газ бен тазалық жағы көңілінен шықпайтындар "109" нөмірін терсе болды, мәселе шешіледі",- дейді мамандар. Енді мұндай кемшіліктерді суретке түсіріп, электронды түрде сайт және әлеуметтік желі арқылы қала әкімдігіне жіберуге болады. Электронды жүйе қала әкімдігінің 25 басқармасы мен аудандық әкімдіктердің жұмысын бақылайды.
Айта кетейік, "109" қызметінің диспетчерлері телефон арқылы тәулігіне 500-дей қоңырау қабылдайды. Ал жолданған хатқа 2 күн ішінде жауап берілуі тиіс.