16 мамыр 2024 | 17:26

Алматыда асхана мен дүкен сүріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда соттың шешімі бойынша, заңсыз коммерциялық нысандар сүріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда соттың шешімі бойынша, заңсыз коммерциялық нысандар сүріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, Шұғыла шағынауданындағы асхана мен дүкен бұзылған.

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде меншік иесінің рұқсат құжаттары болмаса да ғимарат салғаны анықталды.

"2023 жылғы 28 наурызда басқарма меншік иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 316-бабы 1, 321-бөлігі бойынша шаралар қабылдады және заңбұзушылықтарды жоюға нұсқама берді. Меншік иесі нұсқаманы орындамағандықтан, басқарма Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотына сүруге талап арыз берді.

2023 жылғы 9 қарашада Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының шешімімен талап-арыз қанағаттандырылды, 2024 жылғы 7 ақпанда Алматы қалалық соты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды", - деп жазылған хабарламада.

Меншік иесі Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларымен бірге нысанды ерікті түрде бұзуды бастаған.

Айта кетейік, қалада былтырдан бастап 32 заңсыз нысан толығымен және жартылай бұзылды. Оның ішінде бизнес-орталық, мейрамхана, қосалқы ғимарат пен автосервис, сондай-ақ, ірі тұрғын үй кешендері бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети