Алматы ІІД баспасөз қызметі қаладағы әскери бөлімге шабуыл жасалып, полицейлерге қатысты лаңкестік жасалған деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы ІІД баспасөз қызметі қаладағы әскери бөлімге шабуыл жасалып, полицейлерге қатысты лаңкестік жасалған деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2018 жылдың 29 наурызында Whatsapp мессенджері арқылы Алматыдағы әскери бөлімге шабуыл жасалды және полиция қызметкерлеріне лаңкестік жасалды деген ақпарат таралып жатыр. Бұл ақпараттың шындыққа сәйкеспейтінін мәлімдейміз", - делінген хабарламада.
ІІД баспасөз қызметінің өкілдері жалған ақпарат тарату дерегі бойынша полиция тексеріс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Еске салайық, жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.