08 қыркүйек 2017 | 14:48

Алматыда Астана алаңы жөндеу жұмыстарынан кейін қалай түрленді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Астана алаңын қайта жасау жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Астана алаңын қайта жасау жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының сайтына сілтеме жасап.

Cайттың мәліметінше, Алматыда жаяу жүргіншіге басымдық беретін қайта жасалған Астана алаңы ашылды. Түн мезгілінде ерекше жарықпен нұрланатын екі құрғақ фонтаны бар алаңның ашылу салтанатына мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

Белгіленген мерзімінен бұрын ашылған Астана алаңында қозғалыс бөліктерінің жолақтары қысқарған, жүргіншілер көлік легінен боллард арқылы бөлінген.

Босаған кеңістіктерге веложолдар жасалған, гранит тастар төселген, сонымен қатар олар дерндермен жасылдандырылған, лаванда клумбаларымен әрленген. Сатылы эспланада жаңартылған, олардың алдына түн мезгілінде ерекше жарықпен нұрланатын екі құрғақ фонтан орнатылған.

"Қала күніне барлық обьектіге жаңа тас төсеуді, кіші пішінді архитектуралық формалар қоюды, жасылдандыруды, жарық көздерін, құрғақ фонтандар орнатуды, демалыс аймағын, балалар алаңдарын, веложолдарды жасауды толық аяқтау жоспарланған. Ағаш отырғызу маусымы жасыл желектің терең тамыр жаюы үшін күз мезгілінде атқарылады. Олар - биік болып өсетін қайың, терек және басқа да ағаш түрлері. Жалпы, барлығы 330 мың шаршы метрден астам аумақ жасылдандырылады", - делінген сайтта.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети