Астана күнін тойлау қарсаңында Алатау ауданындағы 2017 жылғы Универсиаданың орталық нысаны саналатын 12 мыңдық Мұз сарайының құрылысы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана күнін тойлау қарсаңында Алатау ауданындағы 2017 жылғы Универсиаданың орталық нысаны саналатын 12 мыңдық Мұз сарайының құрылысы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, аталған спорттық нысан бюджет қаржысы 32 миллиардтан 17 миллиардқа қысқарғанына қарамастан, өз уақытысынан бұрын, 3 ай ерте пайдалануға беріліп отыр. Қазір реттеу жұмыстары ғана жүргізілуде. Құрылыс кезінде Қазқамтудың үлесі 60 пайызды құраған. Бұл туралы Алматы қаласының әкіміне жұмыс сапары барысында хабарланды.
Спорт нысанында көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарының негізгі кезеңі аяқталған. Мұз сарайына кіре берістегі алаңда ағаштар отырғызылып, гүлдер егіліп, жасыл желек төселген. Іргелес аумақ, шаһардың біріңғай жобасы бойынша ұлттық нақышта көмкерілген. Мәселен, шағын сәулет формалары, қоқыс жәшіктері, орындықтар этникалық ою-өрнектермен безендірілген.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Универсиада бойынша кездесу өткізіп, ірі спорттық шараны өткізу, қаланың дамуына жаңа серпін беріп, сәулет келбеті, қонақ үй, мейрамхана, қоғамдық көлік пен спорттық нысандардағы қызмет түрлерін жақсартатынын айтқан. Сондай-ақ, спорттық нысандардың барлығы халыққа қолжетімді болуы керектігіне назар аударған.
Мәселен, 12 мыңдық Мұз сарайы, әмбебап мұз айдыны мен көрермендерге арналған орындары бар спорттық кешен болып табылады. Бұл жерде шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-тректен оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуге болады. Және де мәдени шараларды, халықтың мұз айдынында бұқаралық сырғанауын ұйымдастырға болады. Кешен үш блоктан тұрады; "А" блокы - әмбебап 12 мыңдық мұз айдыны, "Б" блокы - сауықтыру кешені бар жаттығу айдыны және "В" блокы - жүзу бассейні.
Бұдан бөлек, қала басшысына Универсиада нысандарының барлығы уақытысында пайдалануға берілетіні хабарланды. Қазіргі уақытта Алатау ауданында орналасқан 5 мың орындық Атлеттер қалашығы мен Медеу ауданындағы 3 мыңдық Мұз аренасының құрылыстары қарқынды жүргізілуде.
© Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, Алматы қаласындағы халықаралық қысқы студенттер ойыны 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпан аралығында өтеді. Оған 60-тан астам елден 2000 спортшы келеді деп жоспарланған. Жарысқа 3 мың ерікті жұмылдырылмақ. Сайыстар, 8 спорттық нысанда, 12 спорт түрінен өтеді.