19 қыркүйек 2017 | 17:34

Алматыда ата-ана 17 жастағы баласының рұқсатсыз тату салуын сот арқылы заңсыз деп таныды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kid.vipinstruciton.ru © kid.vipinstruciton.ru

Сот 17 жастағы жасөспірімге ата-анасының рұқсатынсыз тату салуын заңсыз деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сот 17 жастағы жасөспірімге ата-анасының рұқсатынсыз тату салуын заңсыз деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Бостандық ауданының сотына кәмелетке толмаған баланың ата-анасы ұлына тату салынуының заңсыз екендігі жайлы арыз түсірген.

Ата-анасының айтуынша, осыдан екі жыл бұрын 2015 жылдың 11 қыркүйегінде жеке кәсіпкер сұлулық салонында олардың баласына тату салып берген. Бала ол кезде 17 жаста болған. Тату салған адам баланың денесінде сурет салуға нотариалдық рұқсат алмаған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына қарағанда, 17 жастағы жасөспірімнің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.

"Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22-бабына сәйкес, он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мәмiлелердi олардың заңды өкілдерінің келiсiмiмен жасайды", - деп түсіндірді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Соттағылардың мәліметінше, жасөспірім салонға тату салуғабарғанда одан ешкім жеке куәлік сұрамаған. Сондай-ақ, оған қызмет көрсету туралы келісімшарт пен тауардың сапасы жайлы еш мәлімет көрсетпеген. Онымен қоса, тату салынатын кезде баланың ата-анасы немесе олардың нотариалдық рұқсаты да болмаған. Мұның барлығы сот отырысы барысында анықталып отыр.

"Соттың шешімімен кәмелетке жасына толмаған азаматтың тату салдыру әрекетін заңсыз деп тану туралы өтініш қанағаттандырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ", - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети