Алматыда ата-аналар аттракциондардың қымбаттығына шағымданды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ата-аналар аттракциондардың қымбаттығына шағымданды Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда ата-аналар аттракцион бағасының қымбаттағанына шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inalmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ата-аналар аттракцион бағасының қымбаттағанына шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inalmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым тілшісі ата-аналардың аттракциондар бағасының негізсіз қымбаттауы туралы шағымын нақтылау үшін Алматыдағы ең танымал аттракциондардың бірі – Орталық демалыс саябағына барған.

Фото Татьяна Аладьина/inAlmaty

Журналист демалыс күні барғанына қарамастан, саябақ кассалары мен жекелеген аттракциондарда кезектердің мүлдем жоқтығына таңғалғанын атап өтті.

Ең арзан аттракцион – "Слалом" бағасы жарты минут үшін 400 теңге болған. Басқа аттракциондар 680 теңгеден 990 теңгеге дейін. Сонымен қатар, кезек болмағандықтан уақыт тезірек өтеді, саябақта бар болғаны бір сағатта ата-аналар 7-10 мың теңге жұмсайды. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға қиын болады.

Фото Татьяна Аладьина/inAlmaty

"Жалғыз қызымыз бар, саябаққа баруды сән-салтанат санаймыз. Бала кезімде ата-анаммен бірге талай аттракционға мінгенім есімде. Қазір әкелер мен аналардың көпшілігі тек қарап тұруға барады. Әрине, Алматыда ауқатты жанұялар көп, бірақ басқа балалар да өздерін кемсітпеу керек. Аттракциондар өте қымбат, бірақ саябақ шығынға жұмыс істей алмайды. Жарты шығынды қала әкімдігі өз мойнына алып, барлық кішкентай алматылықтар мен қала қонақтары саябаққа барса, жақсы болар еді!", - дейді оңтүстік астананың тұрғыны Ақмарал Бекеева.

Тіпті кішкентайларға арналған алаңның өзі 10 минутқа 700 теңге тұрады. Саябақ арқылы балалар көлігімен жүру 1000 теңге тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети