16 қараша 2022 | 09:14

Алматыда ата-аналар балабақша төбесінен су ағатынын айтып шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ата-аналар мемлекеттік балабақшаның төбесінен су ағатынын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ата-аналар мемлекеттік балабақшаның төбесінен су ағатынын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме Жетісу ауданындағы №163 балабақша-бөбекжай туралы болып отыр. Балалардың ата-анасының айтуынша, шатыр үш жылдан бері жөнделмей келеді. 18 қазанда жаңбыр кезінде шатырдың төбесінен су аққан.

"Сонымен қатар, осы көктемде балабақшаның жанында бүкіл көше қазылды. Онда құбырлар төселді. Олар 20 қыркүйекке дейін жолды қалпына келтіруге уәде берді, содан кейін 20 қазанға ауыстырылды, енді 22 қарашаға созылды. Жетісу әкімдігі тек уәде беріп келеді, бірақ мәні жоқ", - деді ата-аналардың бірі.

Білім басқармасының мәліметінше, биыл тамызда балабақша ғимаратының шатырын жөндеуге және ішкі жұмыстарға 32 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. Қыркүйекте балабақша әкімшілігі құрылыс компаниясымен келісімшартқа отырған. Қазір ғимараттың төбесін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

"18 қазанда жауын-шашын салдарынан екі топтың – "Богатырь" және "Күншуақ" төбесінен жөндеу жұмыстары аяқталмағандықтан су аққан. Балалар басқа топтарға бөлінді.

Төбе құрғаған кезде, техникалық ерекшеліктерге сәйкес шатыр бірнеше кезеңде жабылады. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балабақша әкімшілігі бақылауға алды", - деді ведомстводағылар.

Келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі 30 қарашаға белгіленгені атап өтілді.

"Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне сәйкестігіне тексеру жүргізіледі", - деп толықтырды басқарма өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети