Алматыда ата-анасыз қалған төрт балаға үш бөлмелі пәтер берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ата-анасыз қалған төрт балаға үш бөлмелі пәтер берілді Фото: Qazaq Stroy

Алматыда ата-анасыз қалған төрт балаға жаңа үй – үш бөлмелі пәтер берілді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ата-анасыз қалған төрт балаға жаңа үй – үш бөлмелі пәтер берілді.

"Qazaq Stroy ұжымы ата-анасы қайтыс болып, жетім қалған төрт баланың тағдыры туралы білгенде бейжай қала алмады. Біз оларға 95 шаршы метр болатын кең үш бөлмелі пәтер беруді ұйғардық", - деді компания өкілдері.

Сондай-ақ, Qazaq Stroy компаниясының иесі Нұрлан Артықбаев балалардың әрқайсына кәмелет жасқа толғанға дейін ай сайын 100 000 теңгеден төлеу туралы шешім қабылдады.

"Осы оқиғаны білгенде, жай қарап отыра алмадық. Біз балалардың ата-анасын қайтара алмаймыз, бірақ олардың болашағына жағдай жасай аламыз. Біз қазақпыз, біздің күш-қуатымыз бірлікте, қиын-қыстау кезде бір-бірімізге қолдау көрсете білуімізде. Бұл үй балалар үшін жайлылық пен үміт ұясына айналсын, ал біздің көмегіміз мейірімді жандар бар екенін еске салып тұрсын", - деді Нұрлан Артықбаев.

Компания жол апатынан қайтыс болған балалардың анасы Сая Есенгелдінің отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Tengrinews
Qazaq Stroy ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети