Алматыда сағат 17.00-ден бастап ауа райы бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда сағат 17.00-ден бастап ауа райы бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалада күшті жел тұрып, түнек басты. Соңында жаңбыр жауды. 18 шілдедегі ауа райына синоптиктер республикамыздың басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр мен бұршақ күтілетінін хабарлаған болатын.
Фото: Анастасия Шкарина/Интересная Алма-Ата
Фото Екатерина Кудрявцева/vk.com
© Шамшаддин Омар
Айта кетейік, синоптиктер 19-21 шілдеге арналған ауа райы болжамын жария еткен еді. "Алдымыздағы үш тәулікте, жоғары циклон шеңберінің ортасы Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарының үстінде орналасуы жалғасады. Сонымен қатар, әлі де найзғайлы, өткінші жауынмен екпінді жел және бұршақ шақыра отырып, республика облыстарының басым бөлігінің ауа райына әсер ететін болады. Тек қана оңтүстік пен батыста жауын шашынсыз, құрғақ плюс 38-42 градус максималды температура болуы күтіледі", - делінген хабарламада.