20 қараша 2022 | 17:37

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының тауларында қар көшкінінің түсу қаупіне байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының тауларында қар көшкінінің түсу қаупіне байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының ТЖ департаменті мәліметінше, "Қазгидромет" мекемесінің 20 қарашадағы № 18 ескертуінің негізінде таулы аймақтарда жауын-шашынның түсуіне байланысты, сондай ақ 20-21 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкінің түсуі қаупі бар. Осыған байланысты таулардың қарлы беткейлеріне шығу ұсынылмайды.

Қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.

- Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз.
- Егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн-бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді.
- Үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына кешіктірмеңіз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.
- Рюкзактарда мына қажет заттар болуы тиіс: жылы киімдер, күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторлар артық болмайды.
- Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз.
- Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети