Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды Әлихан Сәриев

Алматылықтарға 3 қаңтарда болатын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескертілді. Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматыда көшпелі бұлт болады, кейін жауын-шашын жауып, қар жауады. Оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 0-2 градусқа дейін көтеріледі.

"3 қаңтардан 4 қаңтарға қараған түні метеорологиялық жағдай қаладағы атмосферада лас заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның ластану деңгейінің жоғарылайды", - деп хабарлады Қазгидромет өкілдері.

Синоптиктер 2 қаңтарда Алматы ауасында азот диоксиді екі есеге артқанын түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course up  586.74  course up  6.5  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети