Алматыда ауа райының қолайсыздығынан бір түнде қанша ЖКО болды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ауа райының қолайсыздығынан бір түнде қанша ЖКО болды? Фото ©️ Tengrinews.kz

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматыда патрульдер саны артты. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматыда патрульдер саны артты. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер мәліметінше, қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 262 патрульдік көлікте 611 полиция қызметкері тәулік бойы кезекшілік етіп жатыр.

"20:00-ден 06:00-ге дейінгі кезеңде жедел басқару орталығына жол-көлік оқиғалары туралы 52 шақыру келіп түсті, оның 18-інде зардап шеккендер бар", - деді Алматы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Оның айтуынша, қыста көлік жүргізуде белгілі бір қиындықтар туындайды.

Сондықтан полицей жүргізушілерді өте мұқият болуға, жылдамдық режимінен аспауға, тежегішті қатты баспауға және ең бастысы, жол қозғалысының басқа қатысушыларына маневр жасайтыныңыз туралы алдын ала ескертуге шақырды.

Сонымен қатар, полицейлер көлік құралдарында дөңгелекті уақтылы ауыстыру қажет екенін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети