13 қазан 2020 | 17:44

Алматыда әуежай мен қоғамдық орындарда бақылау күшейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда әуежай мен қоғамдық орындарда бақылау күшейіп, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда әуежай мен қоғамдық орындарда бақылау күшейіп, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, Алматыда коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындықты қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар іске асырылып жатыр.

"Коронавирус инфекциясының жұқтыру көзі оның сырттан келетінін және оның қала ішінде таралатынын ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр.

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін Алматы халықаралық әуежайында тұрақты түрде елімізге шетелден келетін азаматтарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Мақсат - ұшып келгендер арасында коронавирус инфекциясын анықтауға арналған тесттен өткені туралы анықтамасы жоқ азаматтарды анықтау және сәйкес диагностиканы жүргізу үшін жедел оқшаулау", - делінген хабарламада.

Осы жылдың 12-13 қазаны аралығында шетелден Алматыға 1 456 жолаушысы бар 11 әуе рейсі келді. 207 жолаушының анықтамасы жоқ болып шықты. COVID-19-ға тест тапсырғаны туралы анықтамасы жоқ жолаушылардың бәрі қонақүйлер жанындағы карантин стационарына оқшауланды. Олар коронавирус бар-жоғына тексеріледі

"Ауру жұқтыруды болдырмау, қала аумағында карантин шараларының бұзылу фактілерін анықтау және қауіпсіздіктің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын одан әрі орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 26 мониторингтік топ қызмет етіп жатыр.

12-13 қазан аралығында карантин талаптарының сақталуы бойынша 243 тексеру шаралары жүргізілді, 27 нысанда тәртіп бұзушылық анықталды, маска режимін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабының 1-тармағы бойынша 5 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 15.08.2020 жылғы № 56 қаулысындағы талаптарды бұзған нысандар анықталды.

"Олардың ішінде: Мақатаев көшесі, 53 мекенжайындағы (Медеу ауданы) "Шанс" бинго клубы, Розыбакиев көшесі, 49 мекенжайындағы (Бостандық ауданы) "Сансабиль" дәмханасы, Бөкейханов көшесі, 44 А мекенжайындағы King Beer Halal Burgers дәмханасы, Федоров көшесі, 24 мекенжайындағы (Жетісу ауданы) "Луна" дәмханасы, 6 шағын аудандағы 3Б үй мекенжайындағы "Дуэль" компьтерлік клубы, 6 шағын аудандағы 11 үй мекенжайындағы (Әуезов ауданы) "Монстр" компьютерлік клубы бар", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықовадан коронавирус инфекциясына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді.

Тұрғындары арасында жұқтыру қаупін азайту үшін не істеу керек?

  • 1. Көпшілік іс-шараларға (отбасылық, естелік, салтанатты тойлар, мерейтойлар, ас, еске алу, ойын-сауық, кинотеатрлар, көрермендердің қатысуымен спорттық т.б.шаралар), оның ішінде үйде өткізілетін іс-шараларға қатысты тыйымның сақталуы;
  • 2. барлық күндері ойын-сауық орындарының ( түнгі клубтар, караоке) және арнайы тамақтану нысандарының (банкет залдары, барлар, фудкорт), сондай-ақ жексенбіде азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлардың жұмысына тыйым салуды сақтау;
  • 3. меншік нысанына қарамастан, қалалық нысандардың жұмыс берушілері қызметкерлердің көп бөлігін, бірінші кезекте 50 жастан асқан қызметкерлердің жұмысын қашықтан қамтамасыз ету;
  • 4. мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, балабақшалардың бастауыш сыныптарындағы кезекші топтардың жұмысын жалғастыра отырып, білім беру мекемелерінің (мектептер, балаларды түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары) қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;
  • 5. көппәтерлі үйлердің кіреберістері мен балалар алаңдарын профилактикалық дезинфекциялауды жүргізу (аптасына 3 рет);
  • 6. қоғамдық көлікте, қоғамдық тамақтану нысандарында және демалыс орындарында (саябақтарда, бульварларда, гүлзарларда және т.б.) әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтауды бақылайтын мониторингтік топтардың жұмысын жүргізу;
  • 7. адамдардың жиі жиналатын орындарын анықтау және жедел шаралар қабылдау үшін ақпаратты Алматы қаласы коронавирус инфекциямен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына жеткізу;
  • 8. қоғамдық көліктерде, қоғамдық тамақтану орындарында және демалыс орындарында (саябақтар, бульварлар, алаңдар және т.б.) әлеуметтік арақашықтық пен маска режимінің сақталуын бақылау бойынша мониторинг топтарының жұмысын күшейту.

Масканы не үшін тағу керек?

  •  Қоғамдық орындарда, адамдар көп жүретін көшелерде, оның ішінде қоғамдық көлікте маска тағу вирустың ауамен таралуына жол бермейді;

Өзіңізді қорғау үшін қоғамдық көлікпен жүрген кезде қандай ережелерді сақтау керек?

  • Міндетті түрде маска тағу, көзді, ауыз және мұрынды ұстамау, антисептик қолдану; адам лық толған қоғамдық көлікке отырмау;

Қызметкерлердің санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс беруші қандай шараларды қолға алуы керек? 

  • Қызметкерлердің санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілер қызметкерлердің кемінде 30 пайызын қашықтан жұмыс істеуін, бірінші кезекте 50 жастан асқан қызметкерлердің жұмысын қамтамасыз етуін;
  •  Қызметкерлер мен келушілердің бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауын қамтамасыз етуін;
  • Үй-жайлардың желдетілуіне және қолды өңдеуге арналған санитайзерлер мен жеке гигиенаны сақтауға жағдай жасауы қажет.

Мектептер мен балалар алаңдарына, кезекші топтарға бару кезінде балалардың қауіпсіздігін қалай сақтауға болады?

  • Мектептердегі кезекші сыныптарға баратын балалардың ата-аналарына арналған ұсынымдар қоғамдық орындардағы іс-әрекеттерге ұқсас, бірақ ата-аналар мен мектеп басшылығы тарапынан, сондай-ақ міндетті күнделікті фильтрмен бақылау керек, егер бала сырқаттанып қалса немесе ЖРВИ белгілері анықталған жағдайда оны нақты диагноз қойылғанға және сауыққанға дейін шеттету қажет;

Коронавирустың ықтимал жаңа толқынының басталуына байланысты тұрғындарға берілетін кеңестер:

  • Тұрғындарға сақтық шараларына бей-жай қарамауды;
  • Жаппай отбасылық іс-шаралар өткізбеуге,
  • Адамдар көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болуға;
  • Қажеттілік туындамаса, қоғамдық көліктермен жүруден және шет елдерге ұшудан аулақ болуға;
  • Қарт және жасы егде тартқан отбасы мүшелері мен балаларды қорғауға кеңес береміз;
  • ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда өзін-өзі емдеумен айналыспау керек, отбасының басқа мүшелерінен оқшауланыңыз және дәрігерді үйге шақырып, медициналық көмекке жүгініңіз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 500.42   526.9   4.65 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети