07 желтоқсан 2021 | 08:56

Алматыда Әуезов көшесін ұзарту жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Әуезов көшесін ұзарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындарының бірі құрылысшылар қазір қай кезеңде екенін биіктен көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Әуезов көшесін ұзарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындарының бірі құрылысшылар қазір қай кезеңде екенін биіктен көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Артур Неупокоев YouTube-арнасында жол жұмыстары қызу жүріп жатқан қаланың тағы бір бөлігінің видеосын жариялады. Бұл жолы ол Әуезов көшесі Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына қарай 763 метрге қалай ұзартылып жатқанын көрсетті. Видеоны Алматы тұрғыны биыл қарашаның аяғында түсірген.

Видеодан жұмыстың басым бөлігі солтүстік бөлікте орындалғанын көруге болады. Бұл жерде бұрын индустриал аймақ болған, қазір тротуарлары, қоғамдық көліктерге арналған аялдамалары, сондай-ақ жеке көліктерге арналған тұрақтары бар көшенің сұлбасын көруге болады. Алайда Әуезов көшесі Райымбек даңғылына тікелей шыққан жоқ. Құрылыс даңғылға бірнеше метр қалғанда аяқталады: жолда екі көп қабатты үй арасында балалар ойын алаңы мен спорт алаңы бар.

Айта кетейік, жоба Гоголь көшесінен индустриялық аймақ шекарасына дейін екі бөлікке бөлінген, Silver House Building компаниясы 399 метрлік фрагментті салып жатыр. Индустриал аймақтан ары қарай Райымбекке дейін сол маңда көпқабатты үйлер салып жатқан жеке инвестор көмегімен ұзындығы 364 метр жол салынып жатыр.

"Гоголь көшесінен индустриал аймақ шекарасына дейінгі учаскеде жұмыс жүргізіліп жатыр, онда екі жағынан жаяу жүргіншілер жолы бар төрт жолақты жол және теміржол рельстері бар төрт қиылыс салу қарастырылған.

Қазіргі уақытта автоматты сигнализациясы бар төрт темір жол өткелінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ, жол төсемдерін, тротуарларды, арықтарды және бағдаршам нысанын салу жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, инженерлік коммуникацияларды қайта құру, пандустар мен жол айрықтарын ретке келтіру, іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Қалалық мобильділік басқармасының өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети