Дезинфекциялау 20-21 маусымда таңғы сағат 8.00 ден 18.00-ге дейін жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дезинфекциялау 20-21 маусымда таңғы сағат 8.00 ден 18.00-ге дейін жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда карантин шараларының күшейтілуіне және сауда орталықтарының базарлардың, саябақтар мен скверлердің, адамдар көп жиналатын орындардың жабылуына байланысты 20-21 маусымда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында ауқымды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Жалпы, жоспар бойынша 494 нысан залалсыздандырылады, олар:
- Алатау ауданындағы 8 базар, 11 сауда орталығы, 4 сквер;
- Алмалы ауданындағы 6 базар, 29 сауда орталығы, 47 спорт нысандары және фитнес орталықтар, 1 саябақ , 22 сквер, 5 бульвар, 17 жасыл аймақ;
- Әуезов ауданындағы 4 базар, 32 сауда орталығы, 30 фитнес орталық, 1саябақ, 3 сквер және 1 бульвар.
- Бостандық ауданындағы 31 сауда орталығы, 59 спорт объектілері және фитнес орталықтар, 4 саябақ, 3 сквер, 4 бульвар, 3 жағажай;
- Жетісу ауданындағы 16 базар, 15 сауда орталығы, 15 фитнес орталық, 1 саябақ;
- Медеу ауданындағы 2 базар, 19 сауда орталығы, 31 фитнес орталық, 2 саябақ, 1 сквер;
- Наурызбай ауданындағы 3 базар, 2 сауда орталығы, 3 фитнес орталық, 2 саябақ, 1 сквер;
- Түрксіб ауданындағы 6 базар, 7 сауда орталығы, 10 фитнес орталық, 3 саябақ, 11 сквер, 1 жағажай.
Сурет: Instagram.com/akimat_almaty
"Алматы Тазалық" МКК және аудандардың мердігерлік ұйымдарының күшімен көшелерге, саябақтар мен скверлерге, тротуарларға, көше урналары мен орындықтарға, аялдамаларға, банкоматтарға, терминалдарға, жер асты және жер үсті өтпелі жолдарға кең көлемді дезинфекция жүргізілетін болады.
Осынау барынша ауқымды залалсыздандыру жұмыстарына 70 техника бірлігі және 150 адам жұмылдырылады. Дезинфекциялық өңдеу үшін адамдар мен жануарларға ешқандай қауіп төндірмейтін 4-ші сыныпты қауіпсіз препараттар қолданылады.
Сауда және қызмет көрсету орындарын дезинфекциялауды меншік иелері өздері жүргізеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!