Алматыда ауырып жазылғандар арасында коронавирус жұқтыру дерегі артып отыр

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ауырып жазылғандар арасында коронавирус жұқтыру дерегі артып отыр

Алматыда коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдай нашарлап бара жатыр. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдай нашарлап бара жатыр. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда өткен брифинг барысында Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а. омикрон штамын жұқтырғандар саны артуына байланысты бұрын вакцина салдырғандар арасында да ауру жұқтыру дерегі байқалатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, 2020 жылдың наурызында вакцинация басталғаннан бері, ресми мәліметтер бойынша, вакцина салдырғандардың жалпы санының 2,1 пайызы ғана жұқтырған (185 193 КВИ жағдайының 3820-ы).

"Сонымен қатар, биыл жыл басынан бері бұрын ауырып жазылған адамдар арасында жұқтыру дерегі 16 есеге артқаны байқалады. Бізде әлі де иммунитет қалыптаспады. Қазір ол небәрі 62,4 пайыз болады (вакцина алғандардың 52,2 пайызы + пандемия басталғаннан бері ауырып жазылғандардың 10,2 пайызы)", - деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Кейінгі екі аптада 100 мың тұрғынға шаққанда бір аптада ауру жұқтырғандар саны 6,5-тен 2-ге дейін, яғни 301,3-тен (1798 жағдай) 652,9-ға дейін (2516 жағдай) баяулады. Күнделікті жағдай 0,97-ден 1,24-ке дейін өсті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети