27 қазан 2015 | 12:21

Алматыда автобус жүргізушілері электронды билетті қолдануға кедергі келтіруде

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Алматыда автобус жүргізушілері электронды билетті қолдануға кедергі келтіруде, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда автобус жүргізушілері электронды билетті қолдануға кедергі келтіруде, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, қалада қоғамдық көліктерде жаңа төлем жүйесі енгізілген бір айдың ішінде талай тәртіп бұзушылық тіркелген. Жекеменшік автобустардың тізгіншілері жолаушылардың картамен есеп айырысуына жол бермей, электронды билет құрылғысын бұзып алмай, тұмшалап тастайды екен. Себебі құрылғыны істен шығарып алса, автопарк иесіне 1500 еуро көлемінде айыппұл салынады. Одан қалса, кондукторлар картамен төлем жасағандарға дөрекі сөйлеп, қол жұмсауға да дайын тұратын көрінеді. Мұндай жағдайлар муниципалды көліктерде де кездескен. Ондағы жүргізушілер валидатор қосылып тұрғанына қарамастан, тұрғындардан заңсыз түрде ақшаны қолма-қол алған. Тіпті, валидаторды бұзып, қала қазынасына тиесілі қаржыға қол салған жерінен әшкереленгендер де бар. Алматы қаласы "Көлік Холдингі" ЖШС ресми өкілі Рифат Абдурамановтың айтуынша, валидаторды бұзып, ішіндегі ақшасын ұрлаған бірқатар жүргізу ұсталды. "Біз мұндай жағдайларды арнайы бақылаушылардың көмегі арқылы білдік. Дереу ішкі істер қызметкерлерін шақырып, үстерінен қылмыстық іс қозғадық",- деді Абдураманов.

Сонымен қатар, тілшілер қазіргі уақытта қаладағы барлық қоғамдық көлікте электронды билет жүйесінің іске қосылғанын хабарлап отыр. Ал, метроға тестілік режимде тек 1 қондырғы ғана қойылды. Келесі айдан бастап барлық бекеттерге орнату жоспарланып отыр. Бұдан былай Алматыда зейнеткерлердің әлеуметтік көлік карталары тұрақты түрде тегін берілетін болады. Бұрын "жеңілдік карталар тек ең алғашқы кезде, яғни 2016 жылға дейін ғана тегін таратылады. Ал, иесі оны жоғалтып алған жағдайда 320 теңгеге қайта сатып алады" деп шешім қабылданған болатын. Енді "Алматы көлік холдингі" әлеуметтік карталарды әрдайым тегін үлестіруді ұйғарыпты. Зейнеткерлер жеңілдік карталарды өздерінің тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік қорғау бөлімшелерінен ала алады. "Біз Алматы зейнеткерлерінің ұсынысына құлақ асып, әлеуметтік карталарды әрдайым тегін тарататын боп шештік. Себебі бізге зейнеткерлерден өте көп шағымдар түскендіктен, қоғамды дүрліктірмей, оларға тегін беруді ұйғардық. Картаны үлестірушілер санын көбейттік",- деді Абдураманов.

Айта кетейік, Алматының қоғамдық көліктері электронды билет жүйесіне қазанның 1-інен бастап көшті. Бүгінге дейін қалада 90 мың 215 карта сатылыпты. Оның ішінде 27 мың 51-і бірыңғай көлік картасы болса, 16 мыңнан астам зейнеткер әлеуметтік картамен қамтылып үлгерген. Ал, мектеп оқушыларына - 27290, студенттерге - 19605 карта таратылған. Бұрын жолаушылар төлем карталарды толтыру үшін 19 нөмірлі сан теретін болса, келер айдан бастап тек 8 санмен ғана шектелмек. Сондай-ақ картаны QIWI терминалынан бөлек, банк терминалдары арқылы да толтыруға болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети