01 наурыз 2018 | 13:53

Алматыда автобус жүргізушілері "ереуілге" шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Желіде Алматы қаласындағы ең ұзын қоғамдық көліктердің жүргізушілері Төле би көшесінің бойындағы арнайы жолақта он шақты автобусты қозғалыссыз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, Интернетте автобус жүргізушілері мен полицейлердің сөйлесіп тұрғаны түсірілген видео мен аудио жарияланды. Онда бригадир жүргізушілерге арнайы жолақтан шығып кеткен жағдайда салынатын айыппұл мөлшері жайында айтады. 

Иконка комментария блок соц сети

Автобустар арнайы жолақтың бойында қозғалыссыз тұруына тұрақта тұрған автокөліктер себеп болған. 

"Алматыэлектротранс" ЖШС директоры Ризван Цинаев осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша бұл автобустар арнайы жолақта тұрған көліктердің кесірінен айналып өту мүмкіндігі жоқ екен. Себебі жолақтан шығып кеткен жағдайда жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынады. Бірнеше автобустың тұрып қалуына диспетчерге кеш хабарландыру себеп болған. Осылайша осы бағытта жүретін автобустар бірінің артына бірі тұрып қалған. 

"Автобустар ортаңғы жолға тек жол апаты немесе жол жөндеу жұмыстары жүргізілген сәтте ғана шыға алады. Ал егер арнайы жолақта көліктер тұрақтаған болса, онда автобус жүргізушісі автомобиль жүргізушісі көлігін алып тастағанға дейін күтетін болады", - дейді Цинаев. 

"Бүгін диспетчерлер дұрыс жұмыс істемеген. Сол себепті де автобустар жиналып қалған. Артта келе жатқан автобустарды тоқтатып, жолды көліктерден тазартқанын күтуі керек еді. Бұған 30 минут уақыт кетті. Содан кейін автобустар қозғалысты жалғастырды. 

"Алматыэлектротранс" ЖШС директоры автобустардың ортаңғы жолаққа өту үшін аса бір жаңашылдықтың жоғын айтады. 

"Бұл қоғамдық көлікке арналған жол болғандықтан, автобустар еш кедергісіз жүруі тиіс. Бұл жолға көлікті тұраққа қоюға, тоқтауға немесе адамдарды түсіру үшін тоқтауға және апатты сиренаны жағып қойып тұруға ешкімнің құқығы жоқ", - деді Цинаев. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети