Алматыда автобус жүргізушілеріне “қате“ айыппұл салынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы прокуратурасы автобус иелеріне жылдамдықты асырғаны үшін негізсіз айыппұл салынғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы прокуратурасы автобус иелеріне жылдамдықты асырғаны үшін негізсіз айыппұл салынғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала прокуратурасы Бас прокуратураның тапсырмасымен автобус иелерін айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқаманың күшін жоя отырып, негізсіз әкімшілік жауаптылыққа тартудың жолын кесті.

"Атап айтқанда 2024 жылғы 17 сәуірде ІІМ бұйрығымен елді мекенде автобустар мен шағын автобустар үшін жылдамдық режимін сағатына 50 шақырымға дейін төмендету туралы құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді. 2024 жылдың 29 шілдесінен бастап "Сергек" АБК камералары көрсетілген жылдамдықты асыруды тіркеуге қайта бапталды", - делінген хабарламада.

Алайда жолдарда ақпараттық белгілер орнатылмаған. Бұл, аталған санаттағы көлік құралдарын жүргізушілерінің жылдамдық режимін бұзуына әкеп соқты. Нәтижесінде 5 мыңнан астам автобус иелері айыппұл төлеу жөнінде заңсыз нұсқамалар алған.

"Прокуратураның актілері бойынша айыппұл төлеу туралы нұсқаманың күші жойылды, 3102 кәсіпкерлік субъектісінің және 1995 азаматтың құқықтары қорғалды. Сонымен қатар, айыппұл төлеу туралы нұсқамамен келіспеген көлік құралдарының иелері оған жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) немесе сотқа (ӘҚБтК-нің 43-1 және 44-1-тараулары) дербес шағымдануға құқылы екенін түсіндіреміз.

Өз кезегінде орындалған нұсқамаларды, яғни 50 пайыз мөлшерінде ерікті түрде айыппұл төлеген (іс қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды деп есептеледі), жауапқа тартылған адамның, қорғаушының, өкілдің арызы бойынша мұндай шешім шығарған орган (ӘҚБтК-нің 47-тарауы) жаңадан ашылған мән-жәйлар бойынша ғана қайта қаралуы мүмкін".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети